Міндеттер

ТҰЛҒАЛАР:
Сатып алушы – интернет-дүкендегі/web-қосымшадағы/мобильді қосымшадағы немесе басқа да интернет-сервистерде/платформаларда сатушының кез-келген курсын (курстар пакетін) сатып алатын/сатып алған /қолданған/қолданып жүрген азамат.
Сатушы – «Incon Group» ЖШС және оның серіктестері.
1. ОРТАҚ ШАРТТАР
1.1. Сатушының кез-келген курсын (курстар пакетін) сатып алған немесе жеке кабинетке кіріп, курстың материалы мен контентін пайдаланатын Сатып алушыға осы нағыз міндеттер жүктеледі.
1.2. Сатып алушы осы шарттарды адал және тиісті түрде орындауға міндетті.
2. АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ АЯСЫНДАҒЫ МІНДЕТТЕР
2.1. Сатып алушы Ұлттық (қазақстандық) заңнама немесе халықаралық құқық нормаларын, соның ішінде зияткерлік меншік, авторлық және/немесе сабақтас құқықтар саласындағы заңды бұзатын әрекеттер істемеуі тиіс.
2.2. Сатып алушы Сатушының жеке кабинеттегі кез-келген материалы мен контентін (курстар) және де Сатушыға тиісті кез-келген материалды құқық иелерінің алдын-ала келісімінсіз кез-келген тәсілмен пайдалануына, жаңғыртуына, таратуына, көшіруіне, көпшілік алдында көрсетуіне, жалпы жұрттың назарына эфирге беруіне, аударуына, қайта жасауына немесе басқа да тәсілдермен қандай да бір мақсатта қолдануына тыйым салынады.
2.3. Сатып алушы Сатушыдан алған жеке кабинеттің құпия сөзі мен логинін үшінші тұлғаға бермеуге, сатпауға, таратпауға міндеттеледі.
2.4. Авторлар мен құқық иеленушілердің мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарын, заңды мүдделерін және осы міндеттеменің өзге де шарттарын бұзатын Сатып алушыға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес азаматтық-құқықтық, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктің кез-келген заңды шаралары қолданылуы мүмкін. Заңды шаралардың ішіне ескерту, бұғаттау, алып тастау және заңды бұзған күнінен бастап Қазақстан Республикасының Республикалық бюджет туралы заңнамасында белгіленген 1000 (мың) АЕК-ке дейінгі (айлық есептік көрсеткіш) айыппұл салынады. Сатушы жоғарыда аталған шаралардың кез-келгенін өз қалауы бойынша қолдануға құқылы. Сатушы жоғарыда көрсетілген айыппұл мөлшерін өз қалауы бойынша азайтуға құқылы.
3. Басқа шарттар
3.1. Осы міндеттен туындауы мүмкін даулар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешілуі тиіс.
3.2. Соттың осы міндеттеменің қандай да бір ережесін жарамсыз деп тануы бұл міндеттемедегі өзге ережелердің жарамсыз болуына әкеп соқпайды.
3.3.Сатып алушы осы міндеттеменің ережелерін бұзған жағдайда Сатушы тарапынан әрекет болмаса, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сатушы өз мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін тиісті іс-әрекеттерді кешірек қолдану құқығынан айырылмайды.
Сатып алушы осы міндеттеменің барлық тармақтарымен танысқанын растайды. Оларды қабылдайды және келіседі.